Астанада өтіп жатқан халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турнирінде Беларусь құрамасы Ресейден басым түсті.

Кездесу барысында Беларусь хоккейшілері Ресейді 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Беларусь сапынан Никита Пышкайло 2, Тимофей Ковгореня 25, 48, 57, Сергей Сапего 33, Егор Игнатенко 52, Сергей Заягин 55-минутта мергендік танытты.

Ал, Ресей сапынан Валентин Зыков 12, Андрей Чивилев 27, Марат Хайруллин 46, 53-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша, Беларусь құрамасы қарсыласынан 7:4 есебімен басым түсті. Енді олар 7 мамырда Қазақстанмен кездеседі.