Лионель Мессидің «Барселонаға» оралу үшін екі шарты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

As ақпараты бойынша, ПСЖ форварды каталониялық клубқа тек Ла Лига рұқсат берген келісімшарт пен 10-нөмір ұсынылса ғана оралады.

Бірақ «блаугранаға» бірінші шартты орындау қиын екені хабарланып отыр, себебі клуб жалақы қорын 205 миллион еуроға қысқартуы керек.

Екінші шарт та оңай болмайды – қазіргі «ондық» Ансу Фати өз нөмірінен бас тартқысы келмейді.