«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия чемпионатының 28-турында «Вест Хэм» қақпасынан саңлау тауып, осы маусымда соққан голдар санын 35-ке жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

Осылайша, норвегиялық футболшы гол соғу бойынша АПЛ рекордын жаңартты. 22 жастағы ойыншы 1993/1994 жылғы маусымда 40 кездесуде 34 гол соққан Энди Коул мен 1994/1995 жылғы маусымда 34 гол соққан Алан Ширердің жетістігінен асып түсті.

Эрлинг Холанд өз рекордын тағы жаңартуы мүмкін, өйткені «Манчестер Сити» осы маусымда лигада тағы бес ойын өткізеді.