Мысыр астанасында спорттық гимнастикадан әлем кубогының соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан гимнастика федерациясына сілтеме жасап.

«Каирдегі әлем кубогында спорттық гимнастикадан жыл үздіктері анықталды.Қорытынды нәтиже бойынша, Милад Карими 2023 жылғы әлем кубоктары кезеңдерінің еркін жаттығудағы үздігі болды», - делінген мәліметте.

Бұған дейін Милад Карими Әзербайжан астанасы Бакуде өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алған еді.