Бүгін Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящи мен қытайлық Дин Лижэн арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Титулды кездесудің соңғы классикалық ойыны 90-жүрісте тең аяқталды, сондықтан титул тағдыры тай-брейкте шешілді.

Тай-брейктің бірінші париясы тең аяқталды. Екінші және үшінші партияда де жеңімпаз анықталған жоқ. Төртінші, шешуші партияда ресейлік ақ фигурамен ойнап, Лижэнге есе жіберді.

Айта кетейік, әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен болатын. Шахматшы биыл атағын қорғаудан бас тартты. Ол «тағы бір чемпиондық матч өткізуге ынтасы жоқ» екенін айтты.