Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Талғат Сырымбетов алғашқы айналымда таиландтық Сакда Руамтхаманы төрешілердің шешімімен жеңді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында боксшылар 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: -48, -51, -54, -57, -60, -63,5, -67, -71, -75, -80, -86, -92, +92 кг.