Қазақстандық төрт боксшы кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін 7-мамырда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евгений Павлов (9-0, 7 КО) пен Данила Семенов (5-0, 2 КО) 3 мамырда рингке шығады. Ал Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) пен Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) 6 мамырда жұдырықтасады.

Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл Гвадалахарада екінші орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен бір кеште өнер көрсетеді. Бек венесуэлалық Аргенис Эспанамен (15-1, 14 КО), ал Әбілхан мексикалық Хесус Паломареспен (7-2-1, 4 КО) кездеседі.

Қазір спортшылар Сан-Диего қаласында (Калифорния, АҚШ) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Suleimen Promotions командасы Instagram парақшасында боксшылардың жаттығуынан видео жариялады.