Бүгін Бакуде Әзербайжан Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста «Ред Булл» шабандозы Серхио Перес топ жарды.

Айта кетейік, Перес кеше Гран-придің спринт кезеңінде де жеңіске жеткен.

Екінші орын Перестің командаласы Макс Ферстаппенге бұйырды.

Ал үздік үштікті «Феррари» шабандозы Шарль Леклер түйіндеді.