Сенбі, 29 сәуірде Алматыда Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушені үлкен кеш ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

OCTAGON 44 турнирінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран, Бразилия және Бахрейн спортшылары 16 тартысты кездесу өткізеді.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан IBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова (2-0), жергілікті халықтың сүйіктісі, актер Еркебұлан Тоқтар (5-2), қазақтың танымал файтері Олжас Есқараев (13-6), сондай-ақ белгілі блогер Әділет «Упучук» Айтжанов өнер көрсетеді.

Көрермендер отандық проспект Райымбек Асан (2-0), тәжірибелі файтерлер Еркін Дәрменов (12-5) және Дархан Сқақовтың (7-4) тартысты жекпе-жектерін тамашалайды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы, қазақстандық Әділ Боранбаев (21-9-1) жеңіліп көрмеген бахрейндік Магомед Магомедовтен (11-0) чемпиондық белбеуді алуға тырысады.

Турнир 29 сәуірде Астана уақытымен 18:00-де басталады деп жоспарланған. Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясын Еуразиялық промоушеннің OCTAGON TV ресми YouTube арнасынан және Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агеннтігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы