29 сәуірде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 44 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Әзербайжан, Ресей, Бразилия және Бахрейн файтерлері тартысты 16 жекпе-жек өткізеді.

Турнирдің бастапқы карды аясында Райымбек Асан (2-0) өнер көрсетеді. Оны UFC файтері Дамир Исмағұлов екі салмақ дәрежесіндегі ұйымның болашақ чемпионы деп атаған болатын.