Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Сергей Павлович ауыр салмақта UFC рейтингінде үшінші орыннан екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 сәуірде Павлович Лас-Вегастағы Fight Night сериясы турнирінде американдық Кертис Блэйдсті бірінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл жекпе-жек үшін ресейлік үздік өнер көрсеткені үшін бонус та алды.

Бұл салмақтағы қазіргі чемпион - ұйымға жақында оралған Джон Джонс, қазір Джонс пен үшінші орынға түсіп қалған хорватиялық файтер Стипе Миочич арасындағы титулдық жекпе-жек қарастырылуда.