Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының ширек финалындағы екінші ойында «Челсиді» қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жеңіліс Фрэнк Лэмпард командасының барлық жарыстардағы қатарынан 4-ші жеңілісі болды.

Opta мәліметінше, лондондық клуб 21 ғасырда алғаш рет қатарынан 4 ойында жеңіліп қалды.

Мұндай серияны клуб соңғы рет 1993 жылдың қарашасында көрсеткен.