«Челси» осы ғасырда алғаш рет қатарынан 4 ойында жеңілді
![«Челси» осы ғасырда алғаш рет қатарынан 4 ойында жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202304/201736_65b9646588829ce7bbce1ee303f1f4a3.jpg?v=28641587)
Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының ширек финалындағы екінші ойында «Челсиді» қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жеңіліс Фрэнк Лэмпард командасының барлық жарыстардағы қатарынан 4-ші жеңілісі болды.
Opta мәліметінше, лондондық клуб 21 ғасырда алғаш рет қатарынан 4 ойында жеңіліп қалды.
Мұндай серияны клуб соңғы рет 1993 жылдың қарашасында көрсеткен.