Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Чарльз Оливейра (33-9) Бенеил Дариушпен (22-4-1) жекпе-жекке қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2023 жылы 7 мамырдағы UFC 288 турнирі аясында өтеді деп жоспарланған

Бұған бразилиялық файтердің жарақаты себеп болды. Дереккөздің хабарлауынша, UFC бұл жекпе-жекті басқа күнге ауыстырады.

Айта кетейік, Нью-Джерсиде (АҚШ) өтетін кештің басты жекпе-жегінде ұйымның ең жеңіл салмақтағы чемпионы (61,2 келіге дейін) Алджамейн Стерлинг (22-3) пен екі салмақтағы бұрынғы чемпион Генри Сехудо (16 -2) кездеседі.

UFC 288. Негізгі кард:

Алджамейн Стерлинг (АҚШ) – Генри Сехудо (АҚШ);Джессика Андраде (Бразилия) – Сяонань Янь (Қытай);Брайс Митчелл (АҚШ) – Джонатан Пирс (АҚШ);Крон Грейси (Бразилия) – Шарль Журден (Канада).