Жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) пен ресейлік ММА файтері, «Т-34» лақап атымен белгілі Даниял Эльбаев (9-5) арасындағы әңгіменің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Еуразиялық промоушен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында қазақстандық спортшы Эльбаевқа алдағы жекпе-жекке жақсырақ дайындалуға кеңес береді.

Еске салайық, OCTAGON 44 турнирі 29 сәуірде өтеді. Турнирде бокстан әлем чемпионы Фируза Шарпова, телехикая және кино актері Еркебұлан Тоқтар, танымал блогер Әділет «Упучук» Айтжанов және танымад қазақстандық ММА файтері Олжас Есқараев өнер көрсетеді.

O44 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы