«Тоттенхэмнің» баспасөз қызметі Антонио Контенің клубтың бас бапкері қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тоттенхэмді» маусымның соңына дейін Кристиан Стеллини мен Райан Мэйсон басқарады.

Команда АПЛ-да 28 матчтан кейін 49 ұпаймен төртінші орында келеді. Сондай-ақ клуб Чемпиондар лигасы мен Англия кубогынан ұшып кетті. «Тоттенхэм» қожайыны Дэниел Левидің айтуынша, клубтың басты мақсаты - Чемпиондар лигасына ену.

Антонио Конте «Тоттенхэмнің» бас бапкері болып 2021 жылы қарашада тағайындалған болатын.