Әлем футболының жұлдыздарының бірі Криштиану Роналду Португалия сапындағы соңғы екі ойынға баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы португалиядық сұрмерген Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «2 ойын, 2 Жеңіс! Мақсатқа қол жеткіздік. Іріктеу кезеңінің сәтті басталуына үлес қосқанымa қуаныштымын. Алға», - деді Криштиану Роналду.

Айта кетейік, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің алғашқы турында Португалия құрамасы Лихтенштейнді (4:0), кеше, 26 наурызда Люксембургті ұтты (6:0). Екі матчта Криштиану Роналду төрт гол соғып, жаңа рекорд орнатты.

Португалиялық сұрмерген ұлттық құрама сапында 122 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр.