Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Абылайхан Бішкектің «Дордой» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қырғызстандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Рамазан Абылайхан «Оңтүстік Академия» түлегі. Өткен маусымда «Мақтаарал» сапында өнер көрсетті. Қазақстан Екінші лигасында 21 матчқа қатсып 14 гол соққан.

21 жастағы жартылай қорғаушы «Дордойға» еркін агент ретінде ауысты.