Алматылық «Қайрат» Микаэль Аскаровпен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келісімге 2024 жылдың соңына дейін қол қойылды.

Айта кетейік, биылғы маусымда Асқаров «Екібастұз» сапында жалға ойнайды.

Микаэль Асқаров Стамбул Фенербахче клубының түлегі. Ол түріктің «Адана Демирспор» клубында да өнер көрсетті», - деді алматылық команда.

Айта кетейік, 20 жастағы футболшы негізінен сол қапталдағы қорғаушы және жартылай қорғаушы болып өнер көрсетеді және бұған дейін Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен.