Сингапурде өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 наурыз күні таңертең қазақстандық ватерполшылар турнир қожайыны Сингапур құрамасын 13:2 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасының өкілі Дарья Починок кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігіндегі келесі кездесуін 26 наурызда Таиландқа қарсы өткізеді.