Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскемендік «Алтай» волейболшылары үшінші рет қатарынан ел чемпионы атанды. Олар финалдағы екінші ойында Петропавлдың «Қуанышын» жеңді, есеп – 3:2 (25:18, 17: 25, 23:25, 25:22, 15:11).

Қола жүлде павлодарлық «Ертісті» жеңген талдықорғандық «Жетісуға» бұйырды. Бұл командалар арасындағы екінші ойын 3:2 (25:11, 25:21, 22:25, 18:25, 15:9) есебімен аяқталды.

Жетінші орын үшін серияда «Қарағандыны» екі рет ұтқан түркістандық «Тұран» жеңіске жетті. Екінші ойында «Тұран» 3:0 (25:14, 25:20, 25:15) есебімен жеңіске жетті.

Бесінші орын үшін тартыс әлі аяқталған жоқ. «Алматы» талдықорғандық «Айқаракөзді» қабылдап, 3:2 (25:17, 26:28, 17:25, 25:21, 15:11) жеңіске жетті. Бұл текетірестегі шешуші кездесу 25 наурызда өтеді.

Фото instagram.com/altayvc