Қазақстандық боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Фариза Шолтай әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ширек финалда кениялық Элизабет Адиамбо Андиегоны сенімді жеңді - 5:0.

Осылайша, Фариза кем дегенде қола медаль жеңіп алды.