70 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық Мадина Нұршаева Нью-Делидегі әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ширек финалда бразилиялық Барбара дос Сантоспен кездесті. Жекпе-жек 1:3 есебімен аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін Алуа Балқыбекова мен Карина Ибрагимова жартылай финалға шыққан еді.