22 наурызда қазақстандық «Астана» клубы ВТБ Біріккен лигасының тұрақты маусымының екінші кезеңі аясында Пермьде қонақта жергілікті «Парма-Париге» қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтардың соңғы кездесуі 4 наурызда Астанада өтіп, елордалық команданың жеңілісімен аяқталды. Қарсылас бір доп айырмашылығымен жеңіске жетті.

Бұл жолы Олег Киселевтің шәкірттері барлық қателіктерін ескеріп, жеңіске жетуге тырысады.

«Парма-Пари» В тобының көшбасшысы болса, «Астана» бесінші орында тұр.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:30-да басталып, СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.