Алматыда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалистерді анықтау үшін жартылай финалдың әрқайсында екі кездесу жеткілікті болды. Петропавлдық «Қуаныш» павлодарлық «Ертіспен» өткен (3:1 және 3:0) екі матчта да жеңіске жетті, ал өскемендік «Алтайдың» волейболшылары талдықорғандық «Жетісуды» үш партияда екі рет ұтты.

Осылайша, «Алтай» мен «Қуаныш» финалда өнер көрсетсе, «Ертіс» пен «Жетісу» өз кезегінде «қолаға» таласады.

Матчтар 23, 24 және қажет болған жағдайда 25 наурызда өтеді.

Фото instagram.com/vckuanysh