Азамат Имашев тағы екі ұлттық құраманың дайындығын көрді

Азамат Имашев тағы екі ұлттық құраманың дайындығын көрді

Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев Алматыда су добы мен дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамаларының оқу-жаттығу жиынына қатысты.

Әуелі «Рахат» орталық жүзу бассейніне барып, су добынан Қазақстан ерлер құрамасының жаттығуын тамашалап, команда мүшелерімен сөйлесті. Бас бапкер Дамир Темірхановтың командасы наурыз айының 22-27 аралығында Сингапурде өтетін Азия Кубогына қатысып әлем чемпионатының жолдамасы үшін таласқа түсетін болады.

Сосын, Алматы облысы Жанашар ауылындағы олимпиадалық даярлау орталығына барды. Қазір бұл жерде дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтың айтуынша Тбилиси мен Антальяда өтетін Гранд-слэм жарыстарына дайындық қызу. Одан кейін мамыр айында Қатардағы әлем чемпионаты қол бұлғап тұр. Жиынға барлығы 28 спортшы қатысып жатыр.

Ұлттық құраманың франциялық жаттықтырушы-кеңесшісі Стэфан Трено қазақ дзюдошыларының мықтылығын атап өтіп, әсіресе, жастарға зор үміт артатынын жеткізді. Қазір мақсат тек Париж-2024 Олимпиадасына дайындалу ғана емес, 2028 жылғы жазғы ойындарға да жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или