Рыбакина бірегей жетістікті қайталау арқылы әлемдік теннис тарихына енді

Рыбакина бірегей жетістікті қайталау арқылы әлемдік теннис тарихына енді

Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында поляк Ига Свентекті жеңген Елена Рыбакина аты аңызға айналған америкалық Линдси Дэвенпорттың жетістігін қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы сол маусымда Австралия ашық чемпионатында, сондай-ақ BNP Paribas Open турнирінде (Индиан-Уэллстегі «мың») WTA рейтингінің көшбасшысын жеңген тарихтағы екінші теннисші атанды.

Мельбурн қаласында 23 жастағы қазақстандық төртінші раундта Ига Свентекті 6:4, 6:4, ал Индиан-Уэллсте жартылай финалда (6:2, 6:2) ұтты.

Бірінші болып бұл жетістікке Дэвенпорт 2000 жылы Мартина Хингисті екі рет жеңген кезде жеткен еді (Australian Open финалында 6:1, 7:5 және Индиан-Уэллстегі шешуші кездесуде 4:6, 6:4, 6:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или