Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA), жеңіл салмақтағы абсолютті жекпе-жек чемпионы Джефф Молина өзінің бисексуал екенін мойындады.

25 жастағы спортшы әлеуметтік желіге өзіне қатысты ыңғайсыз видео тарап кеткеннен кейін каминг-аут жасауға мәжбүр болды.

- Ол ЛГБТ қауымдастығына қатысы бары үшін емес, өзінің таланты мен спорттағы жетістіктері арқылы елге танымал болғысы келетінін айтты. Молина есебінде 11 жеңіс және екі жеңіліс бар. Соңғы жекпе-жегінде ол Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңіп кеткен еді, деп жазды батыс басылымдары.