Жазира Орақбаева: Әлем чемпионаты алғашықы болып бастағандықтан, аздап толқу болды

Жазира Орақбаева: Әлем чемпионаты алғашықы болып бастағандықтан, аздап толқу болды

Бүгін күндізгі бағдарламада Қазақстан атынан шаршы алаңға бір боксшымыз шықты. Ол 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жазира Орақбаева алғашқы жекпе-жегінде тайпейлік Чан Чиа-Хсунмен қолғап түйістірді.

Бір-бірімен бұрын кездесіп көрмеген қарсыластар бірінші раундты барлаумен өткізді. Ал екінші раунда еліміздің чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері тайпейлікті соққының астына алды. Нәтижесінде екі нокдаун мен нокаут тіркелді. Осылайша, жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті.

«Бірінші жекпе-жегіміз сәтті өтті. Бізді дайындаған жаттықтырушыларымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің жанкүйерлеріміз әрқашан бізді қолдап жүреді. Әлем чемпионаты алғашықы болып бастағандықтан, аздап толқу болды, бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын», - деді жекпе-жектен кейін Орақбаева.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или