Қырғызстандық файтер Илимбек Акылбек уулу (6-1) OCTAGON 43 турнирі аясында Айваз Айдиновқа (5-1) қарсы өтетін промоушен гран-приінің финалы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Айваз керемет күресе алады, мұны құрметтеу керек, бірақ мен оның күресінен әлсіз тұсын байқадым. Ол қарсыласын партерге құлатуға бейім, бірақ шабуылды соңына дейін жасай алмайды. Мен Қырғызстаннан шыққан жаңа чемпион боламын. Айдинов мен сияқты мықты қарсыласпен әлі кездескен жоқ. Жақында ММА тарихында жаңа есім пайда болады», - деді файтер.

Айта кетейік, турнирдің негізгі жекпе-жегінде Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татьяна Фирсавамен (6-2) аса жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы