Грузиялық файтер Мераб Двалишвили ресейлік Петр Янды жеңіп, жеңіл салмақта UFC рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Двалишвили UFC Fight Night 221 турнирінде бұрынғы чемпион Петр Янды сенімді жеңді.

Грузин спортшысы Янның өзінен, сондай-ақ америкалық Шон О'Мэллиден озып, үшінші орыннан бірінші орынға көтерілді.

Петр Янға келсек, үшінші рет қатарынан жеңіліс тапқан ресейлік рейтингте төртінші орынға түсіп қалды.

Двалишвилимен жекпе-жекке дейін Ян екінші орында болды.