ГЛАВНАЯ
Армениялық танымал қорғаушы ҚПЛ-ға оралуы мүмкін
Армениялық танымал қорғаушы ҚПЛ-ға оралуы мүмкін

Армениялық қорғаушы Вараздат Ароянға Астанадан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәжірибелі ойыншыны елордалық клубқа оралуы мүмкін. Ароянның өзі командамен Чемпиондар лигасында ойнау үшін «Астанада» қайта оралғысы келеді.
Қазіргі уақытта армян футболшысы кипрлік «Антортоз» сапында ойнап жүр. Осы маусымда 20 матч өткізіп, бір гол соқты. 2021 жылғы маусымда Ароян «Астана» сапында 13 матч өткізіп, бір гол соқты, содан кейін Испанияның Ла Лигасының «Кадис» клубына аттанды.
Вараздат Ароян – Армения құрамасының жетекші ойыншысы. Ұлттық құрама жейдесінде 62 матч өткізіп, үш гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или