Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда америкалық София Кенинді екі сетте ұтты – 7:6 (6), 7:5, (5).

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды.

1/8 финалға шығу үшін Қазақстанның үздік теннисшісі испаниялық Нурия Паррисас-Диас пен Паула Бадоса арасындағы текетірестің жеңімпазымен шеберлік сынасады.