Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы 1987 жылдан бергі үздік қақпашылар тізімін жариялады.

Үздіктер көшін "Парма" клубының 45 жастағы қақпашысы Джанлуиджи Буффон бастап тұр. Италия құрамасының бұрынғы қақпашысы 357 ұпай жинаған.

Сондай-ақ ол Италия құрамасымен бірге 2006 жылғы әлем чемпионатында топ жарған.

Соңғы 35 жылдағы үздік қақпашылар ондығы:

1. Джанлуиджи Буффон — 357 балл

2. Икер Касильяс — 260

3. Мануэль Нойер — 219

4. Петр Чех — 218

5. Эдвин ван дер Сар — 201

6. Петер Шмейхель — 179

7. Оливер Кан — 162

8. Тибо Куртуа — 150

9. Хосе Луис Чилаверт — 146

10. Вальтер Дзенга — 132