«Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Неймар да Силва Сантос Жуниордың жарақаттанған тобығына операция жасалып, ол оңалту курсын бастады.
Операция Катарда жасалған.
«Бүгінгі медициналық мәлімет оң жақ тобығын жарақаттап алған Неймарға қатысты. Оған Дохадағы Аспетар ауруханасында ота сәтті жасалды», - делінген ақпаратта.
Биылғы маусымда Неймар түрлі турнирлер аясында 29 матчта ойнады. Нәтижесінде 18 гол соғып, голмен аяқталған 17 сәтті пас берді. Өткен жылдың соңында ол Бразилия құрамасының сапында Катардағы Әлем чемпионатына қатысты.
Ұсынамыз
Комментарии