Бүгін Щучинскіде өтіп жатқан биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 10 шақырымдық спринт жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан намысын төрт спортшы қорғады.

Вадим Куралес мәреге 41-болып жетті. Данил Червенко 59-орын, Никита Акимов 66 орын, Руслан Амурлаев 73-орын алды.

Щучинскідегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты.

Спринт. Ерлер

1. Кэмпбелл Райт (Жаңа Зеландия) - 23:38.9 (0-0)2. Ян Гунька (Польша) +35.4 (0-0)3. Максим Жермен (АҚШ) +46.6 (1-0)...41. Вадим Куралес (Қазақстан) +3:12.1 (0-2)...59. Данил Червенко (Қазақстан) +4:11.3 (1-1)...66. Никита Акимов (Қазақстан) +4:47.2 (2-2)...73. Руслан Амурлаев (Қазақстан) +5:19.1 (3-2)

Еске салайық, 60 үздік спортшы ертең із кесу жарысына қатысады.