Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денис Никиша 500 метр қашықтықта А финалында өнер көрсетті.

Соңгы бәсекеде бес спортшы жүлде үшін таласқа түсті.

Өкінішке қарай, жарыс барысында Дениске қытайлық спортшы кедергі жасады. Ақыры қытайлық шорттрекшіге пенальти берілді.

Алғашқы үш орынды Италия, Канада, Нидерланд спортшылары бөлісті. Д.Никиша төртінші орынға табан тіреді.

Денис Никиша дәл осы қашықтықта биыл әлем кубогінде үздік атанған еді.