«Қайрат» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ел чемпионатының 2-турындағы «Ақсуға» (3:1) қарсы ойынды қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.– Еркош, жеңіс құтты болсын! Осы ойын туралы не ойлайсың?

– Рақмет! Ойын өте қызықты өтті. Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Жеңсті жанкүйерлерге арнаймыз және алдағы ойындарда жеңіске жетуге барынша талпынамыз.– Бапкерлер штабы алаңға шығар алдында саған не деді?

– Алаңға шығатын кезде бапкер маған ең бірінші гол соғып, ақылмен ойнау керектігін айтты. Бапкердің нұсқауын жасадым деп ойлаймын.– Әдемі гол соқтың. Осындай қашықтықтан соққы жасау ойыңа қалай келді?

– Ойымда ондай ештеңе болған жоқ. Антон Крачковскийден пас алғаннан кейін, алдымда пас беретін ешкім болмады. Сондықтан тебуді жөн көрдім. Алланың қалауымен доп қақпаға тура ұшты.– Ұақ уақыт бойы ойын сәтінде гол соқпадың. Бұл гол саған психологиялық тұрғыдан қалай көмектеседі?

– Осы маусымға өте жақсы дайындалдым. Өзіміздің Алматыда болған ОЖЖ-да жолдастық кездесулерде 6 гол соқтым, ол да өзінің көмегін беріп жатыр. Екінші турда алғашқы голымды соқтым. Осы маусымда жақсы өнер көрсетемін деп ойлаймын.