«Астана» капитаны Абзал Бейсебеков «Жетісумен» өткен ойынды қорытындылап, «Ақтөбеге» қарсы өтетін кездесуден не күтетін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Алматыдағы ойын оңай болған жоқ, бапкерлер штабы қойған нұсқауларды толықтай іске асырдық. Оң нәтижеге жетіп, елордаға жеңіспен оралғанымызға өте қуаныштымыз.

– Келесі кездесу «Ақтөбемен» өтеді. Бұл ойын туралы не айтасыз?

– Бұл өз алаңымызда өтетін маңызды матч, бізге жанкүйерлеріміздің қолдауы керек. Өз тарапымыздан көңілден шығар ойын өткізіп, үш ұпай алу үшін бар күшімізді саламыз. Баршаңызды аталған ойында күтеміз.