«Милан» мен «Бавария» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

«Милан» мен «Бавария» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

8 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Тоттенхэм Хотспур» мен «Милан» және «Бавария» мен «ПСЖ» арасында қарымта кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Милан» Лондонда «Тоттенхэммен» 0:0 есебімен тең ойнап, өз алаңындағы жеңістің арқасында ширек финалға шықты. 

«Тоттенхэм Хотспур» (Лондон, Англия) – «Милан» (Италия) 0:0 (0:0). Бірінші матч – 0:1

Параллель өткен матчта «Бавария» өз алаңында ПСЖ-ны 2:0 есебімен жеңді. Парижде өткен алғашқы ойында да мюнхендік команда жеңіске жеткен (1:0).

«Бавария» (Мюнхен, Германия) – «Пари Сен-Жермен» (Франция) 2:0 (0:0). Бірінші матч – 1:0
Гол соққандар: 
1:0 – Шупо-Мотинг (61), 2:0 – Гнабри (89)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или