Гөзал Айнитдинова Астанадағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жекелей сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен өткізді.
Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Гөзал тізгінді қолға алды - 6:1.
Үшінші, шешуші сетте Гөзал тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Г.Айнитдинова ширек финалға шығу үшін әлемнің 136-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижима немесе рейтингте 225-орында тұрған сербиялық Наталия Стевановичтің біреуімен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или