Қызылордалық «Қайсардың» қазақстандық қақпашысы Әбілқайыр Әлиакбар ресейлік «Краснодар» клубында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақпашымыз Әбілқайыр Әлиакбарға Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін “Краснодар” командасы көз тігіп, оқу-жаттығу жиынына шақырды. Енді 18 жастағы Әбілқайыр сәуір айына дейін ресейлік ұжымға өз мықтылығын дәлелдеуге тырысады.

Айта кетейік Әбілқайыр халықаралық “Даму” кубогында ең үздік қақпашы атанған еді.Сәттілік серігің болсын, кипер! - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.