«Астана» екі грузин легионері Торнике Дзебниаури мен Шота Шекиладземен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі ойыншы да Тбилисидің «Локомотивінен» ауысты. Бұл спортшылар үшін бірінші шетелдік тәжірибе.

Торнике - жартылай қорғаушы, 1999 жылы туған. Еровнули лигасында (Грузия жоғарғы дивизионы) 118 матч (3 гол), УЕФА конференц-лигасында 2 матч және Грузия жастар құрамасының сапында 7 ойын өткізді. Грузия кубогының иегері.

Шота – шабуылшы, 2000 ж.т. Грузия чемпионатында 92 ойын өткізіп, 8 гол соққан. Грузия жастар құрамасында үш матчқа қатысып, екі гол соққан.