Қазақстандық теннисшілер ITF World Tennis Tour сериясындағы «BeeTV 60 Women's» турнирінің алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысты ұйымдастырушылар жас теннисшілерімізге wild card ұсынды. Дана Байдәулет ресейлік София Лансаремен ойнайды. Еркежан Арыстанбекова Екатерина Яшинамен (Ресей) кездеседі. Ая Нүпбай ресейлік Татьяна Прозоровамен күш сынасады. Сандуғаш Кенжебаева германиялық Анна Броганмен, ал Жанель Рүстемова грузиялық София Шапатовамен кім мықтыны анықтайды.