Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Луганода (Швейцария) өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Отандасымыз іріктеу кезеңінің жартылай финалында франциялық Максим Жанвьеден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 1 сағат 42 минутқа созылған кездесу 6:7, 6:7 есебімен аяқталды.