Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев оңтүстіккореялық спортшы Ким Вон Джиннен жеңіліп, Гранд-слэм турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
<span>60 келіге дейінгі салмақтағы ф</span>иналда 27 жастағы қазақстандық спортшы 30 жастағы оңтүстіккореялық дзюдошы Ким Вон Джинге есе жіберді. Жартылай финалда Серікбаев әлем чемпионы Лухум Чхвимианиді жеңген болатын.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық дзюдошы D тобында жеңіске жеткен болатын. Гранд-слэм турнирі Өзбекстан астанасында 5 наурызға дейін өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или