Роналду қысқа мерзімде Сауд Арабиясының ең үздік футболшысы атанды

Португалиялық футболшы, Сауд Арабиясындағы Әл-Наср командасының шабуылшысы Криштиану Роналду қысқа мерзімде алғашқы жүлдеге ие болды.
Криштиану Роналдуның Сауд Арабиясындағы жаңа футбол клубында жеткен жетістігі әлеуметтік желіде жазылды. Әл-Наср командасы Тwitter-дегі парақшасында португалиялық футболшының ақпан айында елдегі ең үздік ойыншы деген жүлдені жеңіп алғанын хабарлады.
Жалпы 38 жастағы спортшы Аль-Наср құрамасындағы соңғы төрт ойында қарсыластарының қақпасына сегіз гол соқты, әрі екі голдық пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или