«Елімай» ФК 29-жастағы өскемендік футболшы Дмитрий Шмидтпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шмидт карьерасын 2012 жылы «Восток» клубының құрамында бастадған. 2016 жылы «Алтай» сапында өнер көрсетті. 2017 жылы «Ақжайық» клубымен келісімшарт жасасып, Премьер-лигада 28 матч өткізді. 2018 жылы Павлодарлық «Иртыш» клубында ойнады. Өткен жылы «Қызыл-Жар» ФК сапында 7 матч өткізген.