Жақында қазақстандық 17 жастағы футболшы Ақжол Әбдірахманов БАӘ "Әл-Джазира" футбол клубына қабылданды.

Қазақстандық футболшы Ақжол Әбдірахманов ресми түрде "Әл-Жазира" футбол клубының мүшесі атанды. Ол спортпен 7 жасынан бастап айналысқанын айтады. Мектепте Түркияның “Фенербахче” клубында футбол ойнаған.

“Матчтарды теледидардан көргенді ұнайтын. Футболға деген құштарлығым осылай басталған. Менен екі жас үлкен ағам Испанияда футбол ойнап, капитан, қақпашы болды. Кейін жарақатына байланысты футболды тастауына тура келді. Қазір ол өз ісімен айналысады. Кішкентай кезімде ата-анам, бауырларым, туыстарым қолдау көрсетті. Бұл мені жігерлендіріп, футболшы болуға құлшынысым артты", – деп бөлісті Ақжол.

Бұған дейін ол португалиялық FC Rio Ave U-16 футбол клубының мүшесі болған. Ол Испанияның элиталы “Марсет” академиясында оқыған. Онда футболшы Жерар Пике мен әнші Шакираның ұлы да бірге жаттыққан.

“Біз Жерар Пике мен Шакираның ұлымен бір академияда оқыдық. Олардың ұлы менен бірнеше жас кіші. Бірде мен командаластарыммен сөйлесіп жүргенімде Шакираны көрдім. Ол қарауылдарымен бірге тұрды. Оның оққағарлары орыстілді екеніне таңғалдым. Біз Шакираға барып, онымен амандастық. Ол бізге қол бұлғап, қал-жағдайымызды сұрады", – деді футболшы.

Ақжол арабтың "Әл-Жазира" клубына кірген. Алайда ол әлі 18-ге толмағандықтан, әзірге келісімшарт жасалмады.

"Біз U-21 тобындағы жасы үлкен ойыншылармен бір жолдастық ойын өткіздік. Спорт директорлары маған келіп, бұрын қай жерде ойнағанымды, жасымды сұрай бастады. Бұрын Португалияда ойнадым деп жауап бердім. Бұл оларды қатты қызықтырды. Себебі футболда негізінен араб елдері Еуропадан немесе Латын Америкасынан ойыншылар іздейді”, – деп қосты спортшы.

Ақжол Әбдірахманов спортта үнемі көмектесіп, қолдау білдірген бапкері Александр Кузнецовке алғысын білдірді.