Қазақстандық таэквондошылар турнирде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль иеленіп, жалпы есепте көш бастады.
<span class="copyright">Сурет: Instagram/drs_kz</span>
G-1 санатындағы жарыстарға әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздарының қатарында қазақстандықтар да болды:
-
Алтынды Мария Севостьянова, Самирхон Абабакиров, Ғазез Нұрбек, Эльдар Бірімбай және Рита Бакишева жеңіп алды.
-
Әділет Базарбаев, Ысқақ Елдос, Жавохирхон Исламов, Виктория Кучина, Орынбасар Мақсат, Рахым Әділханов және Наргиза Қойшыбекова күміс медальға ие болды.
-
Рахым Рахат, Аманбол Бегімбетов, Елшібай Елжан, Әзірет Дүйсенбек, Айдана Құмартаева, Ботагөз Қапанова, Ермекбай Әлібек, Назым Махмұтова, Нұрай Хусайынова, Бауыржан Хасенов, Нұрлан Мырзабаев, Дүйсебай Сайымапар қола жүлдегер атанды.